Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин сөзінде тұрмады: 9 мамыр Киевті талқандайтын болды

12:51, 07 мамыр 2026

Ресей СІМ Мәскеуге 9 мамыр қарсаңында Киевке «жауап соққысы» жасалуы мүмкін екенін айтып, шетелдік дипломаттарға Киевтен уақытша кетуді ұсынды деп жазады Alash.KZ.

Ведомство өкілі Мария Захарова бұл нұсқаулық «Ресейдің 9 мамыр күндері Мәскеуге ықтимал шабуыл жасалған жағдайда жауап қайтару ықтималдығына» байланысты екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ Киев пен «шешім қабылдау орталықтарына» соққы жасалуы мүмкін деген ескерту айтылған.

Алайда украин тарапынан ешқандай тікелей әскери қауіп немесе шабуыл туралы мәлімдеме жасалмағаны да атап өтілді.

Еске салайық, 4 мамырда Владимир Зеленский Еуропалық саяси қауымдастық саммитінде сөйлеген сөзінде Мәскеудегі парадтың қысқартылған форматы және әскери техниканың көрсетілмеуі Ресей билігінің қауіптену белгісі болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар