Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президенттің жақындары жоғары лауазымдарды атқара алмайды

15:59, 16 наурыз 2022 290
 



Қазақстан президентінің жақын туыстарына жоғары лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.
Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.


Тоқаев мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болуы керектігін атап өтті.
«Сондықтан президенттің ең жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік секторда жетекші лауазымдарды атқаруына заңнамалық тыйым салынады» деді президент.

Сондай-ақ, ол қасіретті қаңтардың маңызды сабағы – биліктің мемлекеттегі ең жоғары шенеуніктің қолында шоғырлануы оған жақын адамдар мен қаржылық-олигархиялық топтардың ықпалын негізсіз күшейтетінін қосты.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар