Ұлттық экономика министрі қызметтен кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.