Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президент жарлығымен Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

15:09, 27 қаңтар 2026

Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Светлана Жақыпова Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын және Алматы экономика мен статистика академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысындағы Қараой орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 1997 жылдан 2008 жылға дейін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК Ақмола облыстық филиалында еңбек етті.

2008-2011 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментін басқарды. 2011 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жобалық офисінің бағдарлама жетекшісі болды.

2013-2019 жылдары Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды. 2020 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бас директорының орынбасары болып тағайындалды. 2020 жылдан 2023 жылға дейін БҰҰ Даму бағдарламасының әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі ұлттық сарапшысы болды. 2023 жылғы маусымда Президент жанындағы халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ол осы лауазымға қайта жұмысқа келді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар