Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Полицейді балағаттаған әйелге үкім шықты

19:46, 03 желтоқсан 2024 145

Өскемен қалалық сотында құқық қорғау органы қызметкерін балағаттаған әйелге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сілтеме жасап. 

“2024 жылдың қыркүйек айында полиция капитаны ер адамға ұрлық фактісінің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне баруды ұсынған кезде оның әйелі шу шығарған. Мас күйдегі әйел тәртіп сақшысын балағаттаған. Оның кінәсі бейнежазбамен, жәбірленушінің айғақтарымен және тергеу хаттамаларымен дәлелденді”, — делінген қалалық №2 соттың хабарламасында. 

Сотта айыпталушы кінәсін мойындады. 

Сот әйелді 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар