Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Пластикалық отадан кейін комаға түскен»: Ақтаулық мәслихат депутатының өліміне қатысты ақпарат тарады

18:09, 22 мамыр 2026

Ақтау қаласындағы жекеменшік клиникалардың бірінде иек тұсына липосакция жасатпақ болған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов ота үстінде комаға түсіп, бір айдан кейін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Марқұмның жақындары анестезия кезінде жіберілген қателікті алға тартып, дәрігерлердің науқастың халін жасыруға тырысқанын және көмектің кешігіп көрсетілгенін мәлімдеді. Қайғылы оқиғадан кейін Денсаулық сақтау министрлігі арнайы тексеру жүргізіп, медициналық мекемеде ересектерге реанимациялық көмек көрсетуге рұқсат беретін лицензияның мүлдем болмағанын және өрескел заңбұзушылықтардың орын алғанын анықтады.

Тексеріс қорытындысы бойынша, аталған клиниканың ота жасау блогы тиісті деңгейде жабдықталмаған, ал қолданыстағы медициналық аппараттардың бір бөлігінің мерзімі өтіп кеткен болып шықты. Оған қоса, мұндай оталар кезінде міндетті түрде дайын тұруы тиіс анафилактикалық шокқа қарсы шұғыл препараттар да табылмаған. Министрлік мамандары 49 жастағы халық қалаулысының тиісті толық медициналық тексеруден өткізілмей-ақ ота үстеліне жатқызылғанын растап, жинақталған барлық материалдарды құқықтық баға беру үшін прокуратура органдарына жолдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар