Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Пілге адамның екпесін егумен бірдей". Жер сілкінісіне Шинжаңда қазылып жатқан ұңғыманың қатысы бар ма?

15:01, 14 наурыз 2024 255

Кеше түнде тағы да жер сілкісіні тіркелді. Эпидорталығы Алматыдан шығыс оңтүстік бағытқа қарай, Қытай жерінде болған. Ел ішінде Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты әртүрлі алыпқашпа әңгіме бар. Соның бірі Қытай жерінде, яғни Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында бұрғыланып жатқан аса терең ұңғыманың жер сілкінісіне қатысы бар ма деген қаңқу. Осы алыпқашпа дақпыртқа профессор Әлқуат Нұрмағамбетов не дейді?

Ал тереңдігі 10 шақырымға жеткен, әлі де бұрғыланып жатқан ұңғыма болса, пілге адамның екпесін егумен бірдей. Мұндай әсер жерасты ядролық жарылыстары немесе эпицентрге жақын жерде ауқымды жерасты байлықтарын қарқынды игеру әсерінен болады. Оларды "техногендік жер сілкіністері" деп атайды. Мәселен, еліміздің мұнайлы аймақтарында (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Орал) және қатты пайдалы қазбаларға бай Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінде кездеседі. Бұл – айрықша тақырып, – дейді осы саланың маманы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?