Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Петропавлда полицейлерден жасырынбақ болған 21 жастағы жігіт қайтыс болды

Петропавлда полицейлерден жасырынбақ болған 21 жастағы жігіт қайтыс болды

Полициядан қашқан жігіт мұзды суда ұзақ отырған. Жас жігіт гипотермиядан қайтыс болды, деп жазады Alash.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті ақпаратты растаған.

– 2 сәуірге қараған түні Петропавл қаласының 21 жастағы тұрғыны Солнечный кентіне бұрылатын жолда табылып, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

«Оқиға орнына жеткен мамандар қажетті реанимациялық іс-шараларды жасады. Бірақ жігітті құтқарып қалу мүмкін болмады», — деп хабарлады облыстық жедел жәрдем орталығының директоры Юрий Белоног.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар