Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Перизат Қайраттың бір жерге жіберілгені есімде жоқ": Төтенше жағдайлар министрі пікір білдірді

21:03, 21 қараша 2024 687

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов 1,5 миллиард теңге ақша жымқырды деп күдікке ілінген Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге көмектескен еріктілердің көп болғанын айтады.

"Төтенше жағдай кезінде кімнің шын көңілмен, кімнің қалай көмектескенін аңғарып жататындай болмадық. Біздің міндетіміз гуманитарлық көмекті зардап шеккен аймақтарға жеткізу болды. Бұл міндетті егжей-тегжейлі тексермей-ақ орындадық. Перизат Қайраттың бір жерге жіберілгені есімде жоқ. Бірақ гуманитарлық көмектің діттеген жерге жеткені – факт", – дейді министр.

Шыңғыс Әрінов Перизат Қайраттың ұсталғаны күтпеген жағдай болғанын айтты.

"Иә, біз үшін тосыннан болған жағдай. Бірақ қазір жедел іс-шаралар жүріп жатыр, мен қалай пікір білдіремін", – деді Шыңғыс Әрінов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар