Мәскеуде бір жыл бойы бірнеше қызды зорлаған педофил ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол өзінің жәбірленушісі етіп оқушы қыздарды аңдыған. Қазіргі уақытта іс бойынша дәлелденген төрт жәбірленуші бар.
SHOT хабарлауынша, ресми түрде жұмыссыз 34 жастағы Андрей П. Орехово-Зуево қаласында зардап шеккендерді іздеген. Ол өткен жазда балаларға шабуыл жасап, бұл азғын ісі жаңа жылға дейін жалғасқан.
Педофил оқушы қыздарға қарсы түрлі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
Зардап шеккендердің арасында 11-14 жас аралығындағы қыздар да бар.
Айуан күндізгі сағат үштер шамасында жергілікті Барышников саябағында құрбандардың бірін күтіп алған. Ол баланы байлап, бұталардың арасында зорлаған.
Кәмелетке толмағандарға қатысты «Зорлау», «Зорлық-зомбылық сипаттағы сексуалдық әрекеттер» және «Әдепсіз әрекеттер» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Педофил бұған дейін ұрлық және тонау бойынша сотты болған. Бостандыққа шыққаннан кейін рецидивист, жергілікті тұрғындардың айтуынша, қарттарды алдап күн көретін - ол олардың сеніміне кіріп, ұрлық жасаған.