Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен қағып, екі аяғынан ауыр жараланды (Видео)

12:23, 14 наурыз 2025 171

Павлодар қаласында 41 жастағы әйелді бұрынғы күйеуі көлігімен қағып, оқиға салдарынан әйел бір аяғынан айырылды, деп жазады alash.kz.

Бұл туралы “Типичный Павлодар” телеграмм-арнасы мәлімдеді.

Оқиға 2025 жылдың 6 қаңтары күні таңертең ерте болған. 41 жастағы Виолеттаның екі қызы бар. Үлкен қызы 14 жаста болса, кіші баласы небары екі жаста. Ал күдікті осы кіші қыздың әкесі.

Зардап шеккен әйелдің достары: 

"Бұрынғы азаматтық күйеуі, яғни Виолеттаның кенже қызының әкесі, алты жылдық қарым-қатынастан кейінгі айырылысуды қабылдай алмады. Ұрыс керістің ақыры Виолеттаның кетемін деген шешімімен аяқталған. Бірақ ол оны жібергісі келмепті. Оның қызғанышы соңында агрессияға ұласты", – дейді. 

Оқиға болған күні ер адам оған қоңырау шалып, жұмысқа апарып тастайтынын айтады. Виолетта бас тартқанымен, ол бәрібір көндірген. Жолда тағы да ұрыс керіс басталады. Соңында ер адам оны көліктен шығармай қойған. Виолетта әрең дегенде көліктен шығып, павильонға қарай жүгірген, бірақ ішке кіріп үлгермеген.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам көлігімен оны павильонға аямай қысқан. Виолетта құлап түскен, оқиға орнындағы адамдар жедел жәрдем шақырған. Ол ауыр жарақат алып, бірнеше күрделі операцияны басынан өткерді. Бір аяғын кесіп тастауға тура келді. Ал екіншісін аман алып қалу үшін күрес әлі жалғасып жатыр. Қазір ол ауруханада. Енді оған ұзақ уақыт ем дом және протез аяқ қажет болады.

Туыстары мен достары Виолеттаға көмектесу үшін қаражат жинауды қолға алды. Әйелдің 14 және 2 жастағы екі қызы бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар