Қазақстандық пара дзюдодан әлем чемпионы Ақмарал Науатбекке Паралимпиада ойындарында алтын алып келгені үшін берілетін ақшалай сыйақы мөлшері белгілі болды, - деп хабарлайды Alash.KZ Tengrinews.kz материалына сүйеніп.
5 қыркүйекте Парижде (Франция) өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында әйелдер арасында дзюдодан 48 келіге дейінгі салмақта (J категориясы) финалдық жекпе-жек өтті.
Шешуші белдесуде Ақмарал франциялық Сандрин Мартинемен кездесіп, "иппон" ұпайымен жеңіске жетті.
Алтын медаль үшін қазақстандық дзюдошы 250 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлық алады.