Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзін-өзі өлтіру: Шерзат Полат ісіне қатысты тың ақпарат шықты

14:28, 08 қаңтар 2025 481

Талғар трагедиясында қаза тапқан Шерзат Полат ісіне қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Alash.kz  Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Адвокат Саида Тәукелева жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

"Сот ашық түрде өтеді. Сот отырысы ақпанның аяғында немесе наурыздың басында басталады деп күтеміз", – деді ол.

Оның айтуынша, іс материалдары – қазақ тілінен орыс тіліне аударылған 10-20 том.

"Процеске қатысушылардың барлығы олармен 1-2 айда танысады", – деп қосты Тәукелева.

Қылмыстық кодекстің 105-бабы “Өзін-өзі өлтіруге итермелеу” бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

9 желтоқсанда Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Оның денесі Талғардан табылды. Туыстары суицид нұсқасына сенбейді.

Адвокаттар Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істің барысы туралы сұрақтарға да жауап берді.

"Біз істі тереңірек зерттеуге көмектесетін сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз", – деді адвокат Ерлан Адаев.

Адвокаттар тергеу "заңға сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатқанын, құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай заңбұзушылықтар тіркелмегенін" түсіндірді.

"Біздің топ заңның сақталуын, барлық тергеу әрекеттерінің ашықтығын және әділ нәтиже беруін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді", – деп атап өтті Адаев.

Айтуынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен отбасы күзеттің қорғауында. Олармен еріктілер мен психологтар жұмыс істейді.

"Біздің мақсатымыз – отбасын біріктіру үшін қауіпсіз орта құру", – деп қосты Тәукелева.

Заңгерлер адамдарды жалған ақпараттан аулақ болуға және тек тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

"Арандатушылыққа берілмеңіздер. Істің аяқталуына қарай біз сіздерді хабардар етіп отырамыз", – деп сендірді Адаев.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар