Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзімді үйімдегідей сезіне бастадым": Кристофер Ландау Алматыға сапары туралы тебірене айтты

09:08, 29 қазан 2025 131

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау әлеуметтік желі Х (Twitter) парақшасында Алматыға жасаған сапары туралы жазба жариялап, Қазақстан халқына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Америкалық дипломат Алматы қаласының көркі мен қазақ халқының қонақжайлығына ерекше әсерленгенін айтты.

"Қазақстанның ең ірі қаласы әрі қаржы орталығы – Алматы Іле Алатауының баурайында орналасқан. Қаладан небәрі жарты сағаттық жерде әлемге әйгілі "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты бар. Біз мұнда қазақ халқының ерекше қонақжайлылығын сезіндік. Алтын қыран мен жаңа достарымның арасында өзімді үйімдегідей сезіне бастадым", – деп жазды Ландау.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 26 қазанда АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау мен АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серхио Гордың елімізге сапары жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар