Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өз әйелін ұрып-соғып, тірідей өртеп жіберген” - 36 жастағы ер адамның сұмдық қылмысы елді шошытты

11:14, 15 желтоқсан 2025

Өзбекстанда 36 жастағы ер адам әйелін адам қызғаныштан аямай соққыға жығып, жанармай құйып, өртеген, деп хабарлайды Alash.kz.
Өртке оранған әйел өз-өзін қорғау мақсатында өзенге секіріп, құтылуға тырысқан. Жергілікті тұрғындар оны судан шығарып, алғашқы көмек көрсеткен.

Ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, бірақ бірнеше күннен кейін алған жарақаттарынан қайтыс болды. Полиция тергеу барысында ер адамның әрекеті алдын ала ойластырылған қылмыс екенін анықтады. Сот процесінде ол кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар