Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Орта жүз". Бельгиядан ата-анасын іздеп келген Жәнібектің руы анықталды

11:33, 20 маусым 2024 564

Бельгиядан Қазақстанға ата-анасын іздеп келген Жәнібектің руы анықталды. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы "Inbusiness.kz"-ке сілтей отырып хабарлайды.

Бірнеше уақыт бұрын TreeGene зертханасының маманы Ұлдана Көккөзова Бельгиядан Қазақстанға ата-анасын іздеп келген Жәнібекке қатысты тағы бір дерек бөлісті. Маман "Ата-тегін анықтау" сынамасына жүгіне отырып Жәнібектің қай рудан екенін хабарлады.

Шетелден келген қазақ баласының руы найман екені анықталған.

"Бұл сынаманың аты "Ата-тегін анықтау"  деп аталады. Қазіргі кезде сұранысқа ие болып жүрген сынамалардың бірі. Себебі біз генетикалық профиль арқылы адамның гаплотобын анықтаймыз. Гаплотобының популяциясы арқылы руын анықтап береміз. Әсіресе руын білгісі келетін, анықтағысы келетіндер, әсіресе қандай топқа жататынын, ата-тегінің ерекшелігін білгісі келсе осы тестке жүгінеді. Бұл сынама 14 күнде жасалады. Тіпті кітап қылып шығарып береміз. Мәселен, Белгиядан келіп, ата-анасын іздеген Жәнібектің руын анықтау үшін біз оның гаплотобы қанша елде кездеседі деп тексердік. Y хромосома тек қана ерлерде ғана кездеседі. Әйелдердікі Х хромосома екені белгілі. Яғни, әкенің Y хромосомасы ұлдарына өзгеріссіз беріледі. Атасы, баласы, туған бауырлары  және немере ұлдарына берілетін арнайы әріптер мен сандар бар. Біз Жәнібектің тобының саны R1b-M478 екенін анықтадық. Яғни 27 str маркері арқылы анықтадық. Гаплотип арқылы гаплотоп анықталады. Сол арқылы оның популяциясына байланысты руы белгілі болады. Жәнібектің гаплотобында екі рудың белгісі шықты. Біреуі - найман, екіншісі - қыпшақ. Зерттей келе найманға 2 мутациядан айырмашылық көрінді. Ал қыпшақ дейін десек 7 мутациядан айырмашылық байқалды. Y хромосомасы наймандарға сәйкес келген соң біз оны орта жүз, найман руы, бағаналы тегінен деп кітапқа жазып бердік. Арғындардікі G тобы болып аталады, басқа руларда S деген топ бар", - дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар