Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оранған қыз, періштені неге өлтірдің?". Түркістан облысында дәретханадан табылған қыздың кісі қолынан қаза тапқаны хабарланды

12:55, 19 тамыз 2024 1021

Түркістан облысында 3 ай бұрын көршінің дәретханасына түсіп қайтыс болды деген 3 жасар қыздың адам қолынан қаза тапқаны хабарланды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды. Ulysmedia.kz порталы журналистің жазбасына сілтеме келтіреді.

5 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН

Журналистің айтуынша, Асылымның қырқына дайындалып жатқанда көршілес үйдің тағы бір қызы дәретханаға құлай жаздап, құтқарып қалған. Кішкентай қыздарды қинап, өлтіріп, дәретханаға лақтырып жүрген ересек адам бар деген сөз Сіргеліде желдей есті. Бір ажалдан аман қалған 5 жасар қыз Нұрай өзін кім қорқытқанын, қайда шақырғанын, буындырып ұрғанын бәрін айтып берді. Қыздың көйлегінің ұшын көріп қалған (ол да көрші) 7 сынып оқушысы мұнда не болып жатыр деп құтқарған.

АСЫЛЫМДЫ ӨЛТІРГЕН КӨРШІСІНІҢ ҚЫЗЫ БОЛЫП ШЫҚТЫ

«Содан іс қайта ашылып, тергеу басталды. Нұрайдың айтқанының бәрі рас болды. Асылымның үйіне 40 жыл қарама-қарсы тұрған көршінің қызы қандықол қылмыскер болып шықты. 16 жасар (атын Жанира деп қояйық) бәрін мойындады. Тергеу Жанираны ауытқуы бар шизофрения деп тапты. Бүкіл ауыл бұл отбасының бір түнде өзге жаққа көшіп кетуін талап етуде. Алла басқа бермесін, қиын жағдай», - деп жазды ол.

Айта кетейік, мамыр айының ортасында таңғы 9-да 3 жастан асқан Асылым ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бүлдіршін қарама-қарсы үйдегі дәретханадан табылды. Сарыағаштық сот медициналық сараптама қыз таза, тек беті сырылған, артынан соққы алған, бұл соққы дәретхана тесігіне ұрылғаннан болды, Асылым дәретханаға өзі түсіп кеткен деп көрсетті.

Сонымен қатар, заңгер Айгүл Орынбек жағдайға қатысты пікір білдірді:

Оранған ормалдағы қыз, неге періштелерді өлтіруге құмар болды? Сарыағаштағы дәретханадан табылған қыз өлтірілген екен. Біздің сараптамашылардың білімсіздігі, “ қыз өз өлімімен өлген” деген қортынды берген еді. Алайда жақында тағы бір қызды өлтірмекші болған жерінен, орамалдағы қыз тұтқынға алынды. Ол тағы бір бес жасар қызды өлтірмекші болған екен. 
 
Сарығаштағы алдыңғы “көршісі зорлады деген бес жасар қыздың өлімін де, қайта тергеуді талап етемін. Себебі ол қыздың да өлімі маған күдік тудырады. Біздегі тергеу амалдары тиісті дәрежеде тергелмейтіні осы істер дәлелдейді! Яғни біздің елдің криминалистері, эксперт сарапшылары білімсіз! Халық шулап кетті екен деп бір адамды ұрып соғып қамай салуға болмайды. Ол қанды қол қылмыскер өз қылмысын доғармайды. Жазасыз қалатынын білген маньяк, өз қылмысын арқарай жасай береді.
Ал халыққа айтарым, бұндай істерде шын қылмыскер қамалсын десеңіздер, өтірік жалған ақпаратты естіп алып атойлай бермей, тергеу амалдарының шынайы ашылуын күтіңіздер! Мен бұл қызды жынды деп қамауға қарсымын, саған кімдер тапсырма берді?, деп жақсылап тергеуді талап етемін! - деді заңгер.
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар