Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Оқушы өзіне қол салмақ болған»: Алматыдағы жеке мектепте болған оқиғаға қатысты дерек шықты

09:44, 30 қаңтар 2026

Алматыдағы жеке мектептердің бірінде орын алған суицидтен зардап шеккен оқушы қыздың жағдайы тұрақталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қалалық балалар омбудсмені Диана Ерланның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта жасөспірім ауруханада дәрігерлердің бақылауында және денсаулығында оң өзгерістер байқалады.

Бұл іс бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы, яғни «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» дерегі бойынша тергеу амалдарын бастап кетті. Зардап шеккен қыздың әкесі, кәсіпкер Қанат Әміркин мектеп қабырғасында баласына қатысты жүйелі түрде буллинг (қысым көрсету) жасалғанын ашық айтып отыр.

Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатқан тұста бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан жұртшылықты сабырға шақырып, былай деді:

«Болған оқиғаның барлық мән-жайы, себептері мен нақты деректері анықталып жатыр. Тексеру аяқталғанға дейін қауесет пен тексерілмеген ақпаратты таратпауды, сондай-ақ үшінші тұлғаларды жанама айыптаудан аулақ болуды сұраймын».

Қазіргі уақытта білім басқармасы мектептегі жағдайға қатысты арнайы тексеру жүргізуде, ал зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық көмек көрсетілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар