Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оқушы жігітке жабысқан". Ел сөзіне қалған Алмас Кішкенбаев жайлы не білеміз?

10:16, 01 ақпан 2025 290

Елге белгілі әнші Алмас Кішкенбаев жайлы ақпарат ұсынамыз, деп хабарлайды Alash.kz порталы.

Елге белгілі әнші Алмас Кішкенбаев 1985 жылы, 1 шілдеде Қызылорда қаласында туған.  Республикада алғаш өткен «SuperStar KZ» 2004 жылғы байқауының жеңімпазы атанған. Аталмыш байқаудан кейін әйгіленіп, танымал бола бастады. 

Алмас ең алған 5–6 жасында облыстық «Әнші Балапан» байқауында жеңіп шығып, Ақдәулетова класына оқуға алынды. 1995 жылы Францияның Париж, Мате қалаларында Нұртуған жыраудың «Кәнекей тілім сөйлеші» термесін орындаған. Сол жылы Павлодар қаласында өткен «Айналайын» фестиваліне қатысып, ашылу салтанатында арнау ән шырқаған.

Бұдан бұрын Алмас Кішкенбаев журналист Анна Данченконың YouTube-тағы арнасына берген сұхбатында шығармашылығы мен  жеке өмірі туралы мағлұмат беріп, екінші әйелі жайлы деректің де ұштығын шығарған. 

«Ол адам белгілі ортада, өзінің айналасына танымал. Өзінің саласы бойынша бүкіл әлемге танымал. Осымен осы тақырыпты жауып қояйық», – деді Алмас Кішкенбаев.

Еске сала кетейік, Алматыда 30 қаңтарда құқық қорғау органдарына ұлы курьер болып жарты күн жұмыс істейтін азаматтан Алмас Кішкенбаевтың үстінен арыз түскен. Қазіргі уақытта полиция жағдайды тексеріп жатыр. Сезікті азаматтың Алмас Кішкенбаев екені хабарланды.

Жағдайдың қалай болғаны туралы портал жазды. "Мүшесінен ұстап, оқушы ұлға жабысқан". Әнші Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар