Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мүшесінен ұстап, оқушы ұлға жабысқан". Әнші Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді

18:22, 31 қаңтар 2025 15

Белгілі қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаевқа өрескел айып тағылды, деп хабарлайды  Alash.kz  порталы Dalanews.kz-ке сілтеп

Алматылық 17 жастағы баланың айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін бірге ішуді ұсынған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм арнасында жазды. Оның сөзінше, кеше түнде құқық қорғау органдарына курьер болып жұмыс істейтін кәмелетке толмаған баланың әкесінен арыз түскен.

«Кешкі тоғыздар шамасында курьер жігіт бір мекен-жайға үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс алған. Дүкеннен алып, тұтынушыға апарады. Содан кейін түсініксіз жағдай болған. 17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін бірге ішуді ұсынған.

Сол кезде ер адам 11-сынып оқушысын интимдік мүшесінен ұстап алған. Курьер бала үйіне барған соң әкесіне бәрін айтып береді. Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген ер адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Күдікті - Алмас Кішкенбаев», - деп жазады журналист.

Алматының полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатқанын, күдікті К. есімді азамат полицияға жеткізілгенін айтты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар