Көкшетау әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне 26 жастағы Айым Тұрапекова тағайындалды, деп жазады Alash.KZ.
Жариялаған өмірбаянына сәйкес, Айым Тұрапекова 1999 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. 2019 жылы Халықаралық бизнес университетін "экономика және құқық" мамандығы бойынша аяқтаған.
Желі қолданушыларын ең қатты таңғалдырған тұс – Айымның еңбек жолын 2015 жылы премьер-министр кеңсесінде тағылымдамадан өтуші ретінде бастауы. Ол кезде оның жасы небәрі 16-да болған.
Алайда кейінірек өмірбаян түзетіліп, премьер-министр кеңсесіндегі тағылымдасының басталу жылы ретінде 2015 емес, 2019 жыл көрсетілген.
Ал премьер-министрдің баспасөз қызметі Айым Тұрапекованың премьер-министр кеңсесінде ешқашан тағылымдамадан өтпегенін және жұмыс істемегенін хабарлады.
"Оның жасы небәрі 16-да болған" - Көкшетау әкімінің кеңесшісі желіде қызу талқылануда
«Жаңа награда мен құрметті атақ»: Құрылтай депутаттары маңызды заң жобасын қабылдады
15:14, 14 қазан 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: ҚР Президентінің Іс басқармасы Аппаратының басшысы тағайындалды
15:02, 14 қазан 2026
«Мыңдаған азаматтың жеке деректері тарап кеткен»: Депутат қатаң талап қойды (ВИДЕО)
14:44, 14 қазан 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: Атырау облысының Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды
11:18, 14 қазан 2026
Қазақстандық қос балуан АҚШ-та өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
09:37, 14 қазан 2026
Трамп: «Зеленский мен Путин осы мағынасыз қақтығысты тоқтату үшін кездесуі керек»
22:00, 13 қазан 2026