Германияның Бавария Альпісінде Адольф Гитлер пайдаланған «Бүркіт ұясы» (Kehlsteinhaus) резиденциясында өрт болды. Бұл туралы Tagesschau басылымы хабарлады, деп жазды Alash.kz.
Өрт 23 қазан күні кешке басталған. Бұл ғимаратты Адольф Гитлер 1930-жылдардың соңында пайдаланған.
Полиция өрттің қасақана қойылуы мүмкін деген болжамды қарастырып жатыр. Ғимарат маңынан бір адам ұсталып, оның оқиғаға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Өртті сөндіру жұмыстарына аумақтың қолжетімділігі қиын болуы кедергі келтірген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимаратты жалын шарпыған. Өртті ауыздықтауға өрт сөндіру және құтқару қызметтерінің шамамен 200 маманы жұмылдырылған.