Нетаньяху Трампты Иранға соққы беруді қайта бастауға көндірмек болған, деп жазды Alash.kz.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ-ты Иранға қарсы әскери операцияны жалғастыруға шақырған. Бұл туралы «Известия» басылымы Financial Times газетіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазан айының басында Израиль әскері Иранға соққы беру жоспарын әзірлеген. Әскери операцияны 10 қазанда бастап, бірнеше күн бойы жалғастыру көзделген. Нысанаға Иранның ядролық нысандары, электр станциялары және басқа да инфрақұрылым нысандары алынуы мүмкін болған.
Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қарашада өтетін Конгресс сайлауына дейін қақтығысты ушықтырудан бас тартқан.
Басылым дереккөздерінің пайымдауынша, Иранға жаңа соққылар жасау мәселесін талқылау Тегеранға қысым көрсету және Иран билігін белгілі бір жеңілдіктерге көндіру амалы болуы мүмкін.