Иорданияның Карак провинциясындағы Хамуд грек православ шіркеуіне қарулы адамдар шабуыл жасаған. Салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, тағы он адам жараланған. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға шіркеуде қаралы рәсім өтіп жатқан кезде болған. Куәгерлердің айтуынша, көліктен түскен екі ер адам жиналғандарға оқ жаудырған. Олардың бірі винтовкамен, екіншісі тапаншамен қаруланған. Атыс бірнеше минутқа созылған.
Сол сәтте шіркеуде шамамен 150–200 адам болған.
Полиция оқиғаға қатысты тергеу бастады. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр. Шабуылдың себебі әзірге белгісіз.