Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Эмоцияңа ие бол». Алматыда автобуста әйелмен жаға жыртысқан еркек қамауға алынды, ал әйелге айыппұл салынды (ВИДЕО)

20:09, 24 қазан 2026

Алматыда қоғамдық көлікте жанжалдасқан екі жолаушы сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 27 жастағы әйелге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынса, 38 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Бұл туралы Alash.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Жолаушылар арасындағы жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Полицияның мәліметінше, сөзге келіскен екі тарап та балағат сөздер айтқан.

Сот 27 жастағы әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.

Ал жанжалдың екінші қатысушысы — 38 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Оған да ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза тағайындалған.

Алматы қаласының Полиция департаменті қоғамдық көлікте тәртіп сақтаудың маңызын еске салды.

«Эмоция жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық көлік — әр жолаушы тыныш әрі қауіпсіз сапарға құқылы кеңістік. Былапыт сөздер айту, қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзу айыппұлдан бастап әкімшілік қамаққа дейінгі нақты құқықтық салдарға әкелуі мүмкін», — деп мәлімдеді ведомство.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар