Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қырғызстан шенеуніктері жерді бір келі палау мен ыстық сауна үшін үлестіре салған" - Садыр Жапаров

12:50, 24 қазан 2026

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кейбір шенеуніктердің жер телімдерін бір келі палау немесе саунаға бару ақысына үлестіргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Базар-Қорған ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп жазды Alash.kz.

Бұған жергілікті тұрғынның шағымы себеп болған. Оның сөзінше, бірнеше жыл бұрын өзіне жер телімі бөлінгенімен, жер әлі күнге дейін берілмеген әрі тиісті құжаттары рәсімделмеген.

Садыр Жапаров мұндай мәселе елдің әр өңірінде кездесетінін атап өтті. Мысал ретінде Ош қаласында бір жер телімінің бірден бес адамға бөлінген жағдайларын келтірді.

Президенттің айтуынша, қазір билік жер бөлу мәселесіндегі заңсыздықтарды ретке келтіріп, тәртіп орнатуға күш салып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар