Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада заңсыз табысталған 74 жүргізуші куәлігінің күші жойылды

21:53, 24 қазан 2026

Астанада 74 адамға заңсыз берілген жүргізуші куәліктерінің күші жойылды. Бұл іске арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен делдалдар қатысы бар деген күдікке ілінген. Бұл туралы елорда прокуратурасы хабарлады, деп жазды Alash.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті аталған іс бойынша тергеуді аяқтаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, 2025 жылы күдіктілер 74 адамға жүргізуші куәлігін заңсыз алуға көмектескен.

Делдалдар үміткерлерге теориялық емтихан сұрақтарының жауаптарын айтып отырған. Ал арнайы ХҚКО қызметкерлері практикалық емтиханнан өткені туралы жалған мәліметтер енгізген.

Іс бойынша алты күдікті қамауға алынған. Тағы үшеуі елден шықпау туралы қолхатпен босатылса, бір адам үйқамаққа алынған.

Қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар