Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Есекті қанша мақтасаң да, ат бола алмайды": Қуат Хамитов «Қайраттың» жеңілісіне қатысты ащы пікір білдірді

20:17, 23 қазан 2026

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Алматының «Қайрат» футбол клубының УЕФА Конференциялар лигасындағы сәтсіз ойынына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz порталы ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Ол алматылық клубтың өз алаңында грекиялық «Панатинаикосқа» 1:5 есебімен ойсырай ұтылғанына байланысты: «Сколько осла ни хвали, конём он не станет» («Есекті қанша мақтасаң да, ат болмайды») деп жазды.

Бұл сөз әлеуметтік желіде жарияланып, футбол жанкүйерлерінің назарын аударды.

Екі турдан кейін «Қайраттың» еншісінде бір ғана ұпай бар. Алматы командасы 36 клубтың арасынан 31-орында тұр. Келесі кездесуін қазақстандық клуб 5 қарашада Италияда «Аталантаға» қарсы өткізеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар