Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте қызметке орналасу үшін 1 миллион теңгеге дейін ақша сұрайды деген ақпарат тарады

18:35, 24 қазан 2026

Адвокат Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкентте белгілі бір лауазымдарға тағайындалу үшін сұралатын ақша мөлшері туралы жазды, деп жазды Alash.kz.

Оның мәліметінше, дефектолог қызметіне орналасу үшін 500 мың теңге, педагог-тәрбиеші лауазымы үшін 800 мың теңге, ал жоғары қызметтерге тағайындалу үшін 1 миллион теңгеге дейін қаражат сұралады.

Алайда бұл ақпарат әзірге әлеуметтік желідегі мәлімдеме деңгейінде. Ақшаны кім және қандай жағдайда сұрағаны, сондай-ақ бұл деректердің ресми түрде расталғаны туралы қосымша ақпарат жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар