Санкт-Петербургте маймыл шешегін жұқтырған бес адам анықталды, деп жазды Alash.kz.
Санкт-Петербургте бес адамның маймыл шешегін жұқтырғаны расталды. Бұған дейін олар ауруға күдікпен инфекциялық ауруханаға жатқызылған.
Дәрігерлердің мәліметінше, науқастардың жағдайы тұрақты. Ауру жеңіл және орташа деңгейде өтіп жатыр.
Роспотребнадзор жағдай бақылауда екенін мәлімдеді. Мамандар инфекцияның таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр.