Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамп Ресей мен Украинаға 200 пайыздық баж салығын енгізуі мүмкін екенін айтты

18:27, 24 қазан 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина бейбіт келісімге келмеген жағдайда, екі елге де 200 пайыздық баж салығын енгізу мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.

Трамп бұл туралы Флоридада өткен республикашылардың сайлауалды митингінде сөйлеген сөзінде айтқан.

АҚШ президентінің сөзінше, сауда шектеулері мен баж салығы бұрын бірнеше қақтығысты тоқтатуға көмектескен. Ол кейбір жанжалдардың шешілуіне осы шаралар ықпал еткенін алға тартты.

«Егер соғыса берсеңіздер, екеуіңізге де 200 пайыздық баж салығын енгіземіз дедік. Сөйтіп, олар соғысты тоқтатты», — деді Трамп.

Сонымен қатар ол Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты мұндай шараны әзірге қолдануды жоспарламағанын жеткізді. Оның айтуынша, екі елмен арадағы сауда көлемінің аздығы бұл тәсілді пайдалануға күмән туғызады.

«Мүмкін, мұны Украина мен Ресейге қатысты дереу жасауым керек шығар. Бұл туралы бұрын-соңды ойламаппын», — деп қосты АҚШ президенті.

Әзірге Ресей мен Украинаға 200 пайыздық баж салығын енгізу туралы ресми шешім жарияланған жоқ. Трамптың мәлімдемесі әзірге ықтимал шара ретінде айтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар