Атырауда Әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Бауыржан Асаиновтың мәйіті пәтерінен табылды, деп жазды Alash.kz.
«Ақ Жайық» басылымының дереккөздері хабарлағандай, оның денесі 18 қазанда өзі тұрған пәтерден анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіт пәтерде шамамен екі апта жатқан болуы мүмкін.
Сондай-ақ марқұмның ағасымен бірге алкоголь ішкеннен кейін жанжал шығарғаны туралы ақпарат тарады. Болжам бойынша, жанжал кезінде ағасы Асаиновты ұрып, оның тірі кезінде оқиға орнынан кетіп қалған болуы мүмкін. Алайда бұл мәліметтерге қатысты ресми қорытынды жарияланған жоқ.
Бауыржан Асаинов 2023 жылдың қаңтарынан бастап департаментті басқарған. Бұған дейін прокуратурада, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде және бірқатар мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеген.