Атырау облысында орын алған қанды оқиғаға қатысты марқұмдардың туысы мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
КТК телеарнасының тілшісі Жанат Молдашеваға құрбандардың жақыны Шалқар Мұқанғалиев сұхбат берді:
Қылмыскерлер ұсталды. Елге әкелді деген кезде бір үміт болған еді. Бәлкім, тірі шығар дедік. Сондай үмітіміз оянған еді. Бірақ, кеше сүйегі табылды дегенді естігенде оңай тиген жоқ. Сабыр еткеннен басқа қолдан келер шара жоқ. Сүйектің табылғанының өзі біз үшін жақсы жаңалық болып тұр. Өмір бойы іздеп жүргеннен, «қайда кетті, тірі ме?» деген үміттен гөрі… Ендігі мақсатымыз – елге апару, жерлеу, жаназасын шығару. Сол қызметімізді атқарамыз, бұйырса!