Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Олимпиаданың күміс жүлдегері Алмас Өтешов: Күзетшімін, 10 млн кредитім бар (ВИДЕО)

10:47, 02 тамыз 2024 1335

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов қазір күзетші боп жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеп.

Бұрынғы спортшы бүгінде өкіметтен ешқандай ақша алмайтынын жеткізді.

"Мемлекет тарапынан ешқандай өтемақы жоқ. Өкіметтен ешқандай ақша алып отырған жоқпын. Әлем чемпионатының күміс жүрдегері болғанымда Қызылордадан үш бөлмелі үй берілді. Сонымен бітті. Ал бүгінде Алматыдағы мекеменің бірінде күзетші болып жұмыс істеймін. Кезінде Америкаға жаттықтырушы болып айына 20 мың АҚШ доллары төленетін жұмысқа шақырды. Мен бас тарттым. Биліктің неліктен дарынды азаматтардың потенциалын қолданбайтынын түсінбеймін. Менен кінә жоқ. Мен жұмыс істеуге дайынмын", - деді ол.

Бұрынғы спортшының төлей алмай жүрген 10 миллион теңге несиесі бар, салдарынан банк кепілге қойылған үйді тартып алуы мүмкін екенін де айтты. 

"Бұған дейін Спорт және туризм академиясында, Республикалық спорт колледжінде жастарды ауыр атлетикаға баулыған едім. Бірақ жұмыстан шығып кеттім. Менің басымда 10 миллион теңге несием бар. Несие алу үшін ауылдағы үйімде кепілге қойған едім, бүгінде банк мүлікті тартып алмақшы. Бірақ тартып алса, тартып алсын, маған несие жабылса болды. Жолымның бәрін байлап отырған осы", - деді ол

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар