Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өлтіріп алғанын жасырды". Ақ аюды "обалды қылған" Алматы зообағына Прага мамандары шүйлікті

09:36, 25 мамыр 2024 591

Прага зообағының директоры Мирослав Бобек Алматыдағы ақ аюдың өліміне қатысты тың мәлімдеме жасады. Оның хабарлауынша, ақ аю 4 мамырда өлген, ал зообақ бұл жөнінде 22 мамырда ғана хабар берген. 18 күн бойы мұны жасырған, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Қазір Алматы хайуанаттар бағындағы жағдай біздікіне қарағанда жақсы. Томның көбеюіне жағдай жасалуы керек еді. Том бізден 28 наурызда ешқандай ауру белгілерінсіз кетті. Біздің білуімізше, Алматыға еш қиындықсыз жеткізілді. Кейін Алматыдан суреттер мен жазбаша есептерді алдық. 15 сәуірдегі соңғы хабарламада "аюдың жағдайы жақсы" екені айтылған", – деді Бобек.йін Алматыдан суреттер мен жазбаша есептерді алдық. 15 сәуірдегі соңғы хабарламада "аюдың жағдайы жақсы" екені айтылған", – деді Бобек.

Еске салайық, Алматы зообағында Прагадан әкелінген Том атты 16 жастағы ақ аю өліп қалды. Наурыздың соңында өлген аю жөнінде Прага зообағының директоры Мирослав Бобек Facebook парақшасында жазды.

Қазақстан жағы аюдың өліміне "мұрын және маңдайдың қабынуынан ірің ағып, улы зат ағзаға тарап, мидың ісінуіне алып келгені" себеп болғанын алға тартқан.

Прага зообағы аюдың Қазақстанға ауырған күйі жөнелтілгенін теріске шығарады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар