Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таиландта іздеуде жүрген 24 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды

17:40, 05 қараша 2026

Таиландтың Пхукет аралында Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) арқылы іздеуде жүрген 24 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Шетелдік БАҚ өкілдерінің тараптқан мәліметіне сәйкес, азамат 20-дан астам жалған фирма құрып, заңсыз қаржыны айналымға енгізу (ақша жылыстату) арқылы мемлекетке немесе ұйымдарға 560,8 миллион теңге көлемінде зиян келтірген. Қылмыстық әрекеті әшкереленген соң, ол жауапкершіліктен қашып, шетелге жасырынған.

Арнайы шаралар барысында күдіктінің Пхукет аралында бой тасалап жүргені анықталды. Оған қоса, оның Таиланд аумағында тиісті визасыз 185 күн бойы заңсыз тұрып келгені белгілі болды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі отандық азаматтың Таиландта тұтқындалғаны туралы ақпаратты ресми түрде растады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары мен дипломаттар ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау және елге қайтару процедураларын қарастырып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар