Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әулетімізде қуанышты жаңалық болды»: Олжас Абай жеке өмірі туралы ағынан жарылды

15:14, 05 қараша 2026

Жуырда шаңырақ көтерген белгілі актерлер Олжас Абай мен Дариға Бадықова отбасылық қуаныштарының қалай өткенін баяндап, салтанатты жиында қонақтардан алған бағалы сыйлықтарының жай-жапсарын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Актер өз сөзінде тойдан кейінгі алғашқы сұхбаты болғандықтан ерекше толқыныс үстінде тұрғанын жасырмады. Ол елдің ақ тілегі мен ыстық ықыласына ырзашылығын білдіре келе, ұйымдастыру жұмыстарына кеткен барлық қаржылық шығынның орны бірден жабылғанын атап өтті. Осы орайда өнер иесі өзіне қолдау білдірген жақындары мен ағаларына тоқталды:

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой. Әулетімізде қуанышты жаңалық болды, көрген боларсыздар. Бұл – тойдан кейінгі алғашқы сұхбатымыз, сондықтан толқып отырмыз. Тойымыз жақсы өтті. Халық ақ тілектерін айтып, қуанышымызға ортақтасты. Ең қомақты сыйлықты ағамыз, кино саласында алға жылжуымызға ықпал еткен Kinopark басшысы Алмас Малдыбаев жасады. Ол бізге 5 миллион теңге сыйлады. Осы сәтті пайдаланып, Алмас мырзаға алғысымды айтып, інілік құрметімді білдіргім келеді. Жалпы, тойға кеткен шығынды бір-екі қонақтың берген сыйлығы-ақ жауып тастады», — деп мәлімдеді Олжас Абай.

Бұл ретте актер өздерінің отандық кино өнерінде өркендеуіне зор үлес қосқан кәсіпкердің жасаған жомарттығына арнайы ризашылық білдіріп, мерекелік кештің жоғары деңгейде өткенін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар