Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қытайға демалуға барған 150 қазақстандық елге қайта алмай қалған»: Не үшін?

17:18, 05 қараша 2026

Қытайдың Хайнань аралында демалыста болған 150-ден астам қазақстандық турист техникалық ақауға байланысты Астанаға уақытылы қайта алмай, әуежайда бөгеліп қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Елге орала алмай отырған жолаушылардың бірі әлеуметтік желіде арнайы жазба жариялап, туристердің арасында 30-ға жуық қария мен 20 бала бар екенін әрі олардың орындықта ұйықтауға мәжбүр болғанын айтып дабыл қақты. Ол өз жазбасында әуе компаниясынан нақты жауап талап етіп, мынадай төл сөзін білдірді:

«Бір тәуліктен астам уақыт 150-ден аса жолаушы Хайнаннан Астанаға ұша алмай отыр. Олардың арасында 30-ға тарта әже мен 20 бала бар. Air Astana өкілі мардымды жауап бере алмай отыр. Балалар мен қарттар орындықта ұйықтауға мәжбүр. Өзге елдің жолаушылары сыбырласып қана сөйлеседі. Air Astana-да кім жауапты, отбасылардың қашан оралатыны туралы нақты мәлімет беріңіздер», — деп жазды желі қолданушысы.

Орын алған қайшылықты жағдайға байланысты «Air Astana» компаниясы ресми мәлімдеме жасап, рейстің 27 сағатқа кешіккенін растады және қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрады. Әуе тасымалдаушысы оқиғаның себебін түсіндіріп, былай деп жауап берді:

«Техникалық себептерге (жасыл гидравликалық жүйедегі төмен қысым) байланысты Санья-Астана бағыты бойынша KC584 чартерлік рейсі 2026 жылдың 5 қарашасына ауыстырылғанын хабарлаймыз. Барлық жолаушы тамақпен және қонақүйдегі орынмен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта кестеде тағы да өзгерістер болса, жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген байланыс телефон нөмірі бойынша уақытылы ақпарат беріледі. Қауіпсіздік – басты міндетіміз», — делінген компания жауабында.

Әуе компаниясының берген соңғы мәліметіне сәйкес, әуе кемесі Санья әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 5 қарашада сағат 10:07-де ұшып шығып, Астана қаласына 14:45-те аман-есен қонған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар