Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қабатовтың әйелі Айман жаңа кәсібін бастады (ВИДЕО)

14:04, 05 қараша 2026
 

Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбектің екінші әйелі Айманның әйелдерге арналған киімдерді жарнамалаған видеосы қызу талқыланып жатыр. Ол TADDS брендімен шығарылған спорттық костюмдерді саудалап, жаңа кәсіпін көпшілікке таныстырды, деп жазады Alash.KZ

Жарнамалық роликте Айман әйелдерге арналған спорттық киім үлгілерін көрсетіп, олардың сапасы мен ерекшелігіне тоқталған.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, костюмдер тығыз әрі премиум санаттағы мақта матадан тігілген. Бір жиынтықтың бағасы – 35 мың теңге.

Айманның кәсіпкерлік бағыттағы бұл қадамы әлеуметтік желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады. Желіде тараған видеоға қатысты түрлі пікір жазылып, оқырмандар оның жаңа саудасына қызығушылық танытып жатыр.

Осылайша, Тұрсынбектің отбасы төңірегіндегі жаңалықтар бұл жолы шоу-бизнес емес, сауда-саттық тақырыбымен көпшіліктің талқысына түсті.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар