Португалиялық танымал футболшы Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы шабуылшы Instagram парақшасында арнайы бейнеүндеу жариялады, деп жазады Alash.kz.
«Бұл – оңай шешім емес. Ұлттық құраманың жетінші нөмірлі жейдесімен қоштасатын күн де келді. Енді оны басқа футболшыларға табыстайтын уақыт жетті», – деді Криштиану Роналду.
Ол 2003 жылдан бері Португалия құрамасында өнер көрсетіп, 234 матчқа қатысқан және 146 гол соққан. Бұл – әлемдік рекорд.