Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды»: Екі халықаралық кедендік заң қабылданды

12:38, 05 қараша 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту және кедендік бақылау тиімділігін арттыруға бағытталған екі халықаралық заңға қол қойды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ел Президенті қол қойған алғашқы құжат — «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл келісім екі мемлекет арасындағы кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және өзара өкілдіктер ашу арқылы шекаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға жол ашады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды. Аталған құжат Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымын бақылауды жақсартуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кедендік әкімшілендіру бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар