Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерзат соты кезінде өткір өлеңдер жазған ақын Ерлан Бықыбаев тұтқындалды (ВИДЕО)

11:27, 05 қараша 2026

Тараз қаласында желіде өткір өлеңдерімен танылған ақын Ербол Бықыбаев ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақынның тұтқындалғаны және күдікті ретінде танылғаны туралы заңгер Дәулетхан Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, Бықыбаевқа бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып терроризмді насихаттау айыбы тағылған. Бұл әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сараланып отыр.

Заңгердің берген мәліметіне сүйенсек, бұл баптың санкциясы бойынша кінәлі деп танылған тұлға 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дәулетхан Ахметов бұл құқық қорғау органдары тарапынан ұстауға ақынның әлеуметтік желіде жариялаған бейнеролигі себеп болуы ықтимал деген болжам жасады. Ол видеода Ербол Бықыбаев пайғамбарға тіл тигізген тұлғаларды өткір сынға алған еді.

Ербол Бықыбаев — әлеуметтік желілерде қоғамдағы өзекті де резонансты тақырыптарға, соның ішінде Шерзат Полаттың өліміне қатысты өткір өлеңдерін жариялап, көпшіліктің назарын аударған автор. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар