Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанайда зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды

14:56, 05 қараша 2026

Қостанайда 86 жастағы қарияның өліміне қатысы бар деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім қолға түсті. Қайғылы оқиға зейнеткердің өзі тұратын үйдің ауласында болған, деп жазады Alash.KZ

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тұрғын үйлердің бірінің ауласынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар қарт адамның мәйіті табылған.

Оқиға туралы хабар түскен бойда полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, күдіктіні анықтау үшін жедел іздестіру шараларына кіріскен. Нәтижесінде марқұмның өліміне қатысы бар деген күдікпен 17 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстың қалай болғанын, оған не себеп болғанын және оқиғаның өзге де мән-жайларын анықтауда.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда 86 жастағы зейнеткердің үйінің ауласында серуендеп жүрген жерінен қаза тапқаны хабарланған болатын. Осы оқиғадан кейін полиция күдіктіні іздестіру жұмыстарын бастаған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар