Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өлім жазасы қарастырылған" - Трамп Барак Обаманы мемлекеттік опасыздық жасады деп айыптады

19:48, 24 шілде 2025 1725

АҚШ-тың 2016 жылғы президенттік сайлауына қатысты Ұлттық барлау қызметінің есебіне пікір білдіре отырып, Дональд Трамп бұрынғы президент Барак Обаманы және өзге де демократтарды мемлекеттік опасыздық жасады деп айыптады, дейді Alash.KZ.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Барак Обаманы мемлекеттік опасыздық жасады және 2020 жылғы сайлауды бұрмалады деп айыптады.

Бұл туралы Трамп 22 шілде, сейсенбі күні Ақ үйде журналистермен кездесу барысында айтты.

"Бұл — опасыздық болды. Олар сайлауды ұрлауға тырысты. Олар сайлауды шатастыруға тырысты. Олар сондай әрекеттер жасады, мұндайды тіпті өзге елдерде де елестету қиын", — деді Трамп.

Ол Обаманы "басшысы" деп атап, 2020 жылғы сайлауды бұрмалауға Демократиялық партияның сол кездегі кандидаты Хиллари Клинтон мен өзінен бұрынғы президент Джо Байденді де кінәлады.

"Олардың бүкіл командасы сайлауды бұрмалауға тырысты, және олар ұсталды. Олар шынымен де 2020 жылғы сайлауды бұрмалады", — деді Трамп. CNN телеарнасы атап өткендей, АҚШ-та мемлекеттік опасыздық үшін өлім жазасы қарастырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар