Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өлген жандардың мазасын алма… Түбімен құртып жіберді»: Марқұмдардың туысы өз уәжін айтты (ВИДЕО)

16:08, 05 маусым 2026

Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті күйеу баланың жақындарына қатысты марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанқалиев мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Істің басы-қасында жүрген Шалқар Мұқанғалиев бауырларының артында ұрпақ қалмағанын, бұрынғы құдаларының әрекетін түсіне алмағанын айтты:

«Қалай болғанда да, өз балаларын жақтайды ғой. Бірақ, менің түсінігім бойынша, егер, тәрбие көрген ортадан шыққан адамдар болса , анық дәлелденіп тұрған қылмысты көздерімен көріп тұр, құлақтарымен естіп тұр, балалары мойындап тұр. Енді, оны әрі қарай өлген адамдарға жапқаннан өздеріне ешқандай пайда әкелмейді. Абыройларын түсіргеннен басқа. Оңай емес, әрине. Ешкімнің басына бермесін! Бірақ, айту керек еді. Қылмыс істедің бе? Мойныңмен көтер!Өлген жандардың мазасын алмай, тыныш отыру керек еді. Себебі, марқұмдар қыз беріп отыр. Ол қыз солардың ұрпағын жалғап отыр. Марқұмдардың артында ешқандай ұрпақ қалған жоқ қой. Түбімен құртып жіберді. Ал, бұларда ұрпақ қалды. Ертең 5 баласы өседі. Сол 5 баланың қызығын көреді. Біздің Мақсот ағамыз бен Нәсіп жеңгеміздің ұрпағын жалғамайды. Сол Сәрсемәлиевтердің ұрпағын жалғастырады». 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар