Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оккупацияланған аймақтардағы белсенділігі үшін". Ресей шахмат федерациясы FIDE-ден бақандай екі жылға шеттетілді

14:50, 08 маусым 2024 549

Ресей шахмат федерация оккупацияланған аймақтардағы белсенді қызметіне байланысты FIDE-ден екі жылға шығарылды. Бұл туралы FIDE Президенті Аркадий Дворкович "Матч ТВ"-ден хабарлады, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ресей шахматшыларының Fshr FIDE мүшелігінен шеттетілгені туралы ақпаратты шахматшы Магнус Карлсеннің жаттықтырушысы Петр Хейн Нильсен өзінің x аккаунтында растады.

Сонымен қатар, Украина шахмат федерациясы мен украиналық гроссмейстер Андрей Баришполец шағым түсірді. Шағымда Ресей шахмат федерацияның оккупацияланған аймақтар: Донецк, Луганск және Херсон облыстарындағы, сондай-ақ аннексияланған Қырымдағы белсенді қызметі туралы айтылды.

Сонымен қатар, оккупацияланған аймақтардан келген шахматшылардың Бүкілресейлік жарыстарға қатысуы, санкцияланған адамдармен байланысы, сондай-ақ саяси бейтараптықты сақтамау туралы да сөз болған. 

Нақтылап өтейік, FIDE - Халықаралық шахмат федерациясы,Ұлттық шахмат федерацияларын біріктіретін халықаралық спорт ұйымы. Шахматты насихаттаумен, үміткерлер турнирлерін, әлем чемпионы атағы үшін матчтарды, шахмат олимпиадаларын және басқа да халықаралық шахмат турнирлерін ұйымдастырумен айналысады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар