Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оған сенетінмін". Бишімбаев көріпкелге неге хабарласқанын айтты

11:52, 08 сәуір 2024 410

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірді.

Бишімбаев қайғылы оқиға болған түні жедел жәрдем шақырудың орнына хабарласқан көріпкел 1,5-2 жылдан бері Шымкентте тұратынын айтты. 

"Бизнеске қатысты сұрақтарға байланысты хабарласып тұратынмын. Оның медициналық білімі бар-жоғын білмеймін. Оған сенетінмін", - дейді Бишімбаев. 

Сонымен қатар, экс-министр қайғылы оқиға болған түні неліктен басқа қалада жүрген көріпкелге хабарласқанын түсіндірді. 

"Сіз (адвокат) Салтанат медициналық көмекке зәру болып жатқанда дейсіз. Менің түсінігімде ол (Салтанат) ұйықтап жатқан болатын. Мен оған (көріпкелге) сенгенмін деп айттым. Бетінде сол жағында көгеріп тұрған жер үлкейе бастады. Ол қайдан шыққанын сұрайын дедім. Көріпкел "бәрі дұрыс, кешке дейін ұйықтасын, шаршаған ғой" деді", - дейді Бишімбаев.   

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар