Арменияда жаңа шақырылымдағы парламенттің жұмысы басталуына байланысты Ел президенті Ваагн Хачатурян Никол Пашинянды қайтадан Премьер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Alash.kz.
Тиісті ресми құжат елдің Негізгі заңына сәйкес жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы қол қойған жарлықта:
«Армения Республикасы Конституциясының 149-бабы 1-бөлігі негізінде Никол Пашинян премьер-министр болып тағайындалады», – делінген.
Никол Пашинянның кандидатурасын парламенттегі басым дауысқа ие билеуші партия толығымен қолдады.
Ендігі кезекте елде Үкіметтің жаңа құрамын бекіту процесі басталмақ. Заңнама талаптарына сәйкес, қайта тағайындалған Премьер-министр таяу күндері Президент қарауына министрлер кабинеті мүшелерінің кандидатураларын ұсынады.