Дастан Сәтпаев алаңға шыққан «Челсидің» кездесуін 80 мыңнан астам жанкүйер тамашалады, деп хабарлайды Alash.kz.
Лондондық клуб маусымалды турне шеңберінде «Тоттенхэммен» жолдастық кездесу өткізді. Австралияның Сидней қаласындағы «Аккор» аренасында өткен бұл матчқа 80 353 көрермен жиналды (стадионның жалпы сыйымдылығы – 83 500 адам).
Тартысты өткен ойында «Тоттенхэм» 2:1 есебімен жеңісті жұлып алды. Бірінші таймда «Тоттенхэм» сапынан Сандро Тонали мергендік танытса, «Челси» сапынан Эстевао көзге түсті.
Екінші таймның басында Кевин Дансоның алаңнан қуылғанына байланысты «Тоттенхэм» азшылықта қалған еді. Соған қарамастан, олар қосымша уақытта Ришарлисонның соққан голының арқасында жеңісті өз пайдасына шешті.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев кездесуді қосалқы құрамда бастап, 70-минутта Эстеваоның орнына алаңға шықты. Ол ойын барысында 11 пас беріп, оның 9-ын командаластарына дәл жеткізді.