Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Түбі жарып шығады…»: Мөлдір Мұқан қызы Айаруға қатысты мәлімдеме жасады

21:52, 01 тамыз 2026

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан кенже қызы Айаруға қатысты желіде жазба жариялап, өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қызының болашағына сенім білдіріп, жүрекжарды тілегін жеткізді:

«Түбі жарып шығады бұйырса. Еліміздің мақтанышы болады, бұйырса. Бәріміз сол уақытта кезінде…. деп жымиып іштей қуанып отыратын боламыз. Мен сіздің балаңыздың жетістігіне, сіз менің баламның жетістігіне қуанып отыратын күндер көп болсын, алтын оқырманым», — деп жазды өнер иесі.

Еске сала кетейік, осыдан сәл бұрынырақ Айару Тұрсынбекқызы тікелей эфир барысында өзіне сын айтқан желі қолданушыларын «ауылдан шыққандар, колхоздар» деп атап, сөзге қалған болатын. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, үлкен дау тудырған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар